Алматы облысында шіркеу өртеніп кетті (фото)
Опубликовано:
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылындағы Архангел Михаил шіркеуінде өрт шықты деп хабарлайды ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өрт туралы хабарлама сағат 15-00-де түскен. Өрт ағаштан жасалған шіркеудің шатырынан шығыпты.
Өртті сөндіруге жақын маңдағы өрт сөндіру бөліміндегілер жұмылдырылған.
Ал қызыл жалын сағат 17-25-те ауыздықталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1715497-almaty-oblysynda-sirkeu-rtenip-ketti-foto/