Шымкентте қоқыстан адамның бөлшектелген денесі табылды
Опубликовано:
Шымкентте коммунал қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізіп жатып, Қайнарбұлақ саяжай аумағынан адам денесінің қалдықтарын тауып алған. Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сұмдық жайт 21 ақпан күні болған. Қайтыс болған ер адамның жасы шамамен 45-50-де.
ОҚО прокуратурасы ақпаратты растады.
Қазір аталмыш оқиғаға қатысты "Кісі өлімі" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1718346-symkentte-kokystan-adamny-blsektelgen-denesi-tabyldy/