Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да балабақшада үстіне шкаф құлаған бүлдіршін мүгедек болып қалды

Опубликовано:

Сарыағашта балабақшалардың бірінде үстіне шкаф құлаған үш жасар қыз мүгедек болып қалды. Қатты соққының салдарынан балақайдың бас миы шайқалап, көру қабілеті нашарлаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-да балабақшада үстіне шкаф құлаған бүлдіршін мүгедек болып қалды
ОҚО-да балабақшада үстіне шкаф құлаған бүлдіршін мүгедек болып қалды: UGC

Оқыс жағдай Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылындағы "Бөбектай" бала бақшасында болған. Бақшада ойнап жүрген үш жасар Жансая киімін алмақшы болған кезінде үстіне шкаф құлап кеткен.

Мұны байқаған тәрбиеші қыздың анасын шақыртып, жарақат алған балақайды ауруханаға алып барады. Тексеру жұмыстарын жүргізген дәрігерлер қыздың бас миы шайқалғандығын анықтаған.

Осы кезде бақша меңгерушісі қыздың ата-анасымен бір келісімге келіп, бір жыл бойы Жансаяны емдеу үшін қаржылық көмекті өз мойнына алады. Тіпті олар өз қателіктерін мойындап, нотариус арқылы заңды түрде сенім хат жазып берген.

"Келісім бойынша менің қызымның бір жылғы емін балабақша меңгерушісі Мадина Пернебаева төлеп тұруы тиіс еді. Алғашқыда көмек көрсетті. Ал қазір Мадина Пернебаева баратын жеріңе бар. Неге президентке дейін бармайсың? деп маған жекіп жауап берді. Қызымның қазіргі денсаулығы нашарлап кетті.Басы жиі ауыратын болды. Ай сайын қызымды емдету үшін жиырма мың теңгеге дәрі аламын. Өзім жалдамалы үйде тұрам. Қазір жұмыссызбын.Қиналып кеттім" дейді Гүлжан Оралова.

Сарыағаш аудандық білім бөлімінің қызметкерлері балабақшада орын алған оқыс жағдайдан хабарсыз болып шықты.

Мадина Пернебаевамен кездесіп, болған жағдай жөнінде сұрағанда "балабақшаға түк қытысы жоқ" екенін алға тартып, ақталуға тырысты. Айтуынша, ол мекемені туыстарына сатып жіберіпті.

Дегенмен бақшада болған оқыс жағдайды растап үш жасар Мадинаның үстіне абайсызда шкаф құлап кеткендігін мойындады.

"Қызы біздің бала бақшаға келгенде ауру болып келді. Көзі біртүрлі, басы дәу болатын. Үстіне шкаф құлаған соң ауруханаға шұғыл түрде бардық. Дәрісін алып беріп отырдық. Соңғы рет жеті мың теңге бердік. Ақшамыз аз болып қалды. Ал олар бұған көнбей жатыр. Ай сайын көмектесіп келгенбіз. Біздің қателігіміз - чек қағаздарын жинамағанбыз. Біз кішкентай ғана ауылда тұрамыз. Болған жағдайды бүкіл ауыл біледі. Жұрттан ұят болмасын деп барымызды беріп тұрамыз", - дейді Гүлжан Пернебаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1718781-oko-da-balabaksada-stine-skaf-klagan-bldirsin-mgedek-bolyp-kaldy/