Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 41 жастағы дәрігер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Қарағандыда үйінен шығып кеткен 41 жастағы дәрігер Денис Ромашков жоғалып кетті. Қалтасында ірі сомадаға қаражаты бар дәрігерді жақынжары 18 наурыздан бастап таба алмай жатыр. Алты күн бойы үйіне оралмаған Денисті іздеген туыстары елге жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағандыда 41 жастағы дәрігер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)
Қарағандыда 41 жастағы дәрігер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото): UGC

Анестезиолог-реаниматолог болып қызмет атқарған дәрігердің туыстары оны өте өте сабырлы, сабаз адам болған деп отыр. Ол үш баласы және жұбайымен Қарағанды қаласының ескі бөлігі Михайловка ауданында өмір сүреді.

18 наурыз күні ол үйден шығып кеткен. Кейіннен үйге қайта кірмеген күйеуін іздеген әйелі оны таба алмай қалған.

Үш күн өткен соң әйелі полицияға хабар берген.

«Оны қайда іздерімді білмеймін", - деген ол оның телефоны мен құжаттары үйде екенін, алайда өзімен бірге ірі сомадағы ақшасы болғанын жеткізді.

Денис Ромашков қою жасыл түсті күртеше ен сұр қалпақ киген. Бойы - 176 см, шашы қою қоңыр, көзінің түсі - қоңыр. Оны көрген-білгендер болса, мына телефон нөмірлері бойынша хабарлауына болады: +7 708 975 82 75; +7 708 352 64 60.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1722919-karagandyda-41-zastagy-driger-zmbak-zagdajda-zogalyp-ketti-foto/

pixel