Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда анасын өлтірген 11 сынып оқушысы жат ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін

Опубликовано:

Талдықорғанда туған анасын асқан қатыгездікпен өлтірген бозбала жат ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда анасын өлтірген 11 сынып оқушысы жат ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін.
Алматыда анасын өлтірген 11 сынып оқушысы жат ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін: UGC

11 сынып оқушысы анасын тұншықтырып өлтіріп, кейін пышақтап тастаған. Үлгілі бала, озат оқушының асқан қатігездікке баруына не себеп болғанын қазір ешкім түсінер емес.

Жеткіншек жат ағымның жетігінде кетті ма деген күдік те жоқ емес.

Тіпті шешіндіріп, өлі денеге ас содасын да сепкен екен. Одан кейін түк болмағандай мектепке барыпты. Жол жөнекей компьютер клубына да соғып құмары қанғанша ойын ойнаған. Тек бір күн өткен соң ғана өз еркімен полицияға келеді.

Ұстаздары ол үлгілі, озат, белсенді оқушы болған деп отыр. Әкесіз өскен. Анасы жалғыз ұлы мен Алматыда оқитын оның әпкесін асырау үшін облыстық наркологилық диспансерде мейірбике болып жұмыс істепті. Бауыр еті баласының қолынан ажал құшқан Гүлназ Омарғожинова 43 жаста болған.

Айта кетейік, құзырлы орган қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты ешқандай ақпарат бермеді. 11 сынып оқушысының үстінен адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны ғана белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1724519-almatyda-anasyn-ltirgen-11-synyp-okusysy-zat-agymny-zeteginde-ketken-boluy-mmkin/

pixel