Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мереке тойлап жүрген азаматты бұқа сүзіп өлтірді (видео)

Опубликовано:

Испанияда Пасханы тойлау кезінде қайғылы оқиға орын алды. Тұрғындардың бірін ашулы бұқа сүзіп өлтірген деп хабарлайды The Mirror басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: UGC

Қайғылы жағдай Испаниядағы Аркос-де-ла-Фронтерада бірінші сәуір күні болған.

Куәгер түсіріп алған видео желіде тарап, жұрттың қызу талқысына түскен. Онда ызалы бұқаның жәбірленушіге шабуылдап, оны сүзіп, аяқтарымен әбден езгенін байқауға болады.

Белгілі болғандай, алып жануар мүйізімен марқұмның бір бүйірін түйреп алыпты. Нәтижесінде, алған ауыр жарақаттарының салдарынан азамат аурухана бөлмесінде көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1724545-mereke-tojlap-zrgen-azamatty-bka-szip-ltirdi-video/

pixel