Алматы облысында Қорғаныс істері департаментінің басшысын атып кетті

Опубликовано:

Бұл туралы Бас әскери прокуратура таратқан хабарлама негізінде белгілі болды. Ол құжатта Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының өлімі расталған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sm-news.ru
Фото: sm-news.ru: UGC

Бас әскери прокуратураның мәлімдеуінше, департамент басшысын 31 наурыз күні сағат 08:00 шамасында өз жұмыс орнында атып өлтіріп кеткен. Полковник Берістемов Б.Б. сансыз жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Полковник өліміне күдікті ретінде оның орынбасары - подполковник Оспанов А.С. тұтқынға алынды.

Қайғылы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 99 бабы, 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда тиісті тергеу жұмыстары өз жұмысын бастап кетті.

Қылмыстық іспен Бас әскери прокуратураның арнайы мамандандырылған прокуроры айналысатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1724723-almaty-oblysynda-korganys-isteri-departamentini-bassysyn-atyp-ketti/