Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде жантүршігерлік жол апаты: Жүк көлігі екі қызды қағып кетті (видео)

Опубликовано:

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp желісіне оқырман хат жолдап, Семейде үшінші сәуір күні жантүршігерлік жол апаты орын алғанын мәлім етті. Онда жүк көлігі екі қызды қағып кеткен. Олардың бірі ауруханада ес жимастан көз жұмса, екіншісі ауыр халде жатыр.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Семейдегі жантүршігерлік жол апаты туралы нақты мәліметтер Instagram желісіндегі "altaynewskz" парақшасында жарияланған.

Семей қаласындағы ІІБ мәліметіне сүйенсек, үшінші сәуір күні, шамаман 13:50-де 49 жастағы азамат Қаржаубайұлы көшесінің бойында КамАЗ жүк көлігімен келе жатып, бақыланбайтын жаяу жүргіншілер жолында екі жасөспірімді қағып кеткен.

Жетінші сыныпта оқитын 2004 жылғы қыздар жол-көлік апатынан кейін бірден ауруханаға жеткізілген. Алайда олардың бірі ес жимастан көз жұмыпты.

Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ал дәрігерлер екінші қыздың жанын аман алып қалу үшін күресуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1724788-semejde-zantrsigerlik-zol-apaty-zk-kligi-eki-kyzdy-kagyp-ketti-video/

pixel