Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетаулық келіншек күйеуі мен бөтен әйелдің өлі денесін көлігінен тауып алды

Опубликовано:

34 жастағы азамат пен 26 жастағы әйел көлікте улы газға тұншығып өлді. Қайғылы оқиға Көкшетауда орын алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: d-cd.net
Көрнекі фото: d-cd.net: UGC

Марқұмның жары күйеуі мен бейтаныс әйелдің өлі денесін өз үйлерінің гаражында тұрған "Мазда" көлігінен тапқан.

Белгілі болғандай, азамат жүк тасумен айналысқан екен.

Облыстық полицияның баспасөз бөлімі аталған оқиғаны растап отыр. Қайтыс болғандардың денесінде ешқандай жарақат болмаған.

Бұл дерек бойынша сараптамалық тексеру жұмыстары тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар улы газға тұншығып қалған.

Жыл басынан бері көлікте отырып қайтыс болу оқиғасы осымен екінші рет тіркеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1724810-kksetaulyk-kelinsek-kjeui-men-bten-jeldi-li-denesin-kliginen-tauyp-aldy/

pixel