Қапшағай тас жолынан жүгіріп өтпек болған азамат бөлшектеніп қалды (фото)
Опубликовано:
8 сәуір күні кешкісін Алматы облысына қарасты Қапшағай тасжолының 20-шақырымында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Онда жолдан жүгіріп өтпек болған азамат бөлшектеніп қалған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Азаматты қаққан Toyota Windom көлігінің жүргізушісі айтқандай, ол сағатына 140-150 шақырым жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан. Тас жолдың бойы қараңғы болғандықтан ол жүгіріп шыққан жолаушыны байқамай қалыпты. Тіпті, қай тұстан келгенін де аңғармаған.

Соққының қатты болғаны соншалық, марқұмның денесі алысқа ұшып кеткен. Содан кейін оның үстінен тағы 2-3 көлік басып өтіпті. Жолаушының бас сүйегі езіліп, сол аяғы бөлініп қалған.
Полиция қызметкерлері оқыс оқиға болған аймақты қоршауға алып, тексеру жұмыстарын жүргузіде. Әзірге қаза болған азаматтың кім екені анықталмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1725489-kapsagaj-tas-zolynan-zgirip-tpek-bolgan-azamat-blsektenip-kaldy-foto/