Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риганың орталығындағы отельде Қазақстан азаматшасын өлтіріп кетті

Опубликовано:

Латвия астанасының орталығындағы Metropole отелінде қазақстандық әйелді өлтіріп кетті. Оны жолдасы болып келетін Қазақстан азаматы өлтірді деп күдіктелуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы gorod.lv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Адам өлімі. Көрнекі фото: azeuronews.com
Адам өлімі. Көрнекі фото: azeuronews.com: UGC

Әйел 41 жаста болған. Ол отельге 6 сәуір күні қоныстанып, 8 сәуірде отель қызметкері әйелді еденде жансыз күйде табады. Полиция ақпаратына сәйкес, әйелді соққыға жығып, тұншықтырып өлтірген.

Оның өліміне жолдасы болып келетін Қазақстан азаматы күдіктелуде. Олар отельде екі күн бірге тұрған. Қылмыс болған күні ер адам отельден кетіп қалыпты.

Ригадан Мәскеуге ұшпақ болған азаматты полиция ұстап алды. Тергеу жүргізілуде.

Қазақстан СІМ-і қазақстандықтың қаза болғанын растап отыр деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1727754-rigany-ortalygyndagy-otelde-kazakstan-azamatsasyn-ltirip-ketti/