Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда 21 жастағы баукеспе белгісіз әйелге тап беріп, зорлық көрсетті

Опубликовано:

Теміртау қаласында бұрын да сотты болған 21 жастағы азамат белгісіз әйелді өз үйінің алдында зорлап кете жаздаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Днепр Час
Фото: Днепр Час: UGC

Оқиға түн ішінде болған.

Үйіне келе жатқан әйелді аталмыш азамат жағынан жұдырықпен ұрып, құлатқан. Содан-соң мойнына пышақ тақап, барлық бағалы дүниесін шығаруды талап еткен. Алайда ол бұл заттарды аз көріп, әйелдің өзін де зорламақ болған.

Қатты қорыққан әйел, "Аяғым ауыр" деп айтыпты. Мұны естіген ұры қаша жөнелген.

Ал әйел үйіне жетіп, полицейлерге хабарласып үлгеріпті.

Құқық қорғау қызметкерлері көп ұзамай 21 жастағы ұрыны қолға түсірген. Осыған дейін де сотты болған азаматқа 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1730166-temirtauda-21-zastagy-baukespe-belgisiz-jelge-tap-berip-zorlyk-krsetti/

pixel