Астанада желмен аударылған батуттан қанша бала жарақат алғаны белгілі болды
Опубликовано:
Қазақстанның Төтенше жағдайлар комитеті Астанада аударылған батуттан қанша баланың зардап шеккенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қатты желдің салдарынан "Жаннұр" сауда үйінің маңындағы ірі батут аударылып түскен. Оқыс жағдайдан бес бала зардап шекті.

Зардап шеккендерге алдын ала қойылған диагноздар:
1) 2011 жылғы бала - «Полижарақат»;
2) 2014 жылғы бала - «Полижарақат»;
3) 2012 жылғы бала - «Жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы»;
4) 2011 жылғы бала - «Жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ самайдың ісінуі»;
5) 2010 жылғы бала - "Оң жақ білегінде сіңірдің созылуы, сол жақ жіліншіктің жарақаттануы».

Еске салсақ, Астанада 4 мамыр күні сағат 16:48-де батут аударылып түскен болатын.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1730364-astanada-zelmen-audarylgan-batuttan-kansa-bala-zarakat-algany-belgili-boldy/