Алматыда мотоциклді айдап әкетпек болған елес камераға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне Алматы автосалондарының бірінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған елестің видеосын жолдады.

Мотоцикл. Видеодан скриншот
Мотоцикл. Видеодан скриншот: UGC

Камерада мотоциклдің айналасында ешкім жоқ екені байқалады. Алайда ол өздігінен от алып, орнынан қозғалған. Бұл жайт 4 мамыр күні болыпты.

"Сағат түнгі 22:14, кеңседе ешкім болмады. Қараңғы түн. Инфрақызыл камера мотоциклге ешкімнің отырмағанын анық көрсетті. Мотоцикл өздігінен от алып, орнынан қозғалды. Мен мұндайды тек елестер туралы фильмнен көргенмін", - деп жазды видеоны жолдаушы.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1730518-almatyda-motocikldi-ajdap-ketpek-bolgan-eles-kameraga-tsip-kaldy-video/