Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 10 сынып оқушысы ғашығы үшін көпқабатты үйден секіріп, мерт болды

Опубликовано:

Шымкентте сүйіктісімен сөзге келіп қалған оныншы сынып оқушысы көпқабатты үйлердің бірінен секіріп, қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ол тоғызқабатты үйден өзін-өзі төменге тастап жіберген. Қайғылы жағдай 7 мамыр күні қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде болған.

Сол маңда болған куәгерлердің айтуынша, суицид жасаған жеткіншек сүйіктісімен сөзге келіспей қалған. Өз-өзіне қол жұмсаған жігіт оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Әзірге ішкі істер органы қайғылы жағдайға байланысты ақпарат таратпады. Оқыс оқиға болған аумақта әлі күнгей дейін қан іздері жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1731059-symkentte-10-synyp-okusysy-gasygy-sin-kpkabatty-jden-sekirip-mert-boldy/

pixel