Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйіндегі ұрыстан кейін терезеден секіріп кеткен шымкенттік әйел мерт болды

Опубликовано:

Шымкентте отбасылық жанжалдан соң туысқандарымен келісе алмаған азаматша төртінші қабаттан секіріп, оқиға орнында тіл тартпай кетті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент тұрғыны үйіндегі ұрыстан кейін терезеден секіріп, мерт болды
Шымкент тұрғыны үйіндегі ұрыстан кейін терезеден секіріп, мерт болды: UGC

Қайғылы жағдай Республика даңғылындағы № 45 үйде түнгі уақытта орын алды.

Қатты дауысты естіген тұрғындар подъезге қарай жүгірген. Әйел адамның денесін көрген олар қатты шошынып қалыпты.

Оқиға орнына тез арада жедел жәрдем қызметкерлері жетіп, азаматшаның көз жұмғанын растады.

"Мен өзім екінші қабатта тұрамын. Терезеден апат болғандай "гүрс" еткен дауыс естілді. Далаға шығып қарасам, көрші әйел жерде жатыр екен. Дереу 103-ке хабар бердік", - дейді марқұм болған азаматшаның көршісі.

Сондай-ақ, көршілердің сөзінше, қайғылы жағдай болған күні кешкісін марқұм әйелдің отбасында жанжал болған көрінеді.

Алдын-ала болжам бойынша, азаматша терезеден өзі секіріп, суицид жасаған.

Полиция қызметкерлері қазір істің ақ-қарасын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1731662-jindegi-rystan-kejin-terezeden-sekirip-ketken-symkenttik-jel-mert-boldy/

pixel