Оралда жас жігіт қыздарды өзіне қарату үшін көшедегі орындықты күл-талқан етті
Опубликовано:
Оралда қыздармен танысамын деп көшедегі орындықты күл-талқан еткен жігіт миллиондаған айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Мой Город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Орындықты сындырып тастаған 22 жастағы жігітті полиция қамауға алды. Абай даңғылындағы орындықтың талқанын шығарған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
"Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды. Ол 2 мың айлық көрсеткіш есебінде айыппұл төлеуі, қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді ІІБ өкілдері.
Жас жігіт бұзақылық жасау кезінде мас болыпты.
"Күдікті мұндай әрекетке өткен-кеткен қыздарды өзіне қаратып, олармен танысу үшін барғанын алға тартты", - дейді тәртіп сақшылары.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1733040-oralda-zas-zigit-kyzdardy-zine-karatu-sin-ksedegi-oryndykty-kl-talkan-etti/