Астанада автобус екі қызды қағып кетті

Опубликовано:

Астанада автобус жолағында қоғамдық көлік 28 және 25 жастағы екі қызды қағып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бүгін 14.45-те Абай көшесі бойында "Жаннұр" сауда үйінің алдында Уәлиханов көшесіне қарай сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатқан автобус екі жаяу жүргіншіні қақты. Олар сол бағытта тротуармен келе жатып, артына қарамастан, қозғалыс жолағына шығып кеткен", — деп мәлімет берді "Астана LRT" баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер қалалық емхананың қабылдау бөлімінде қаралып жатыр. Полицейлер оқиға орнын қарап шығып, хаттама толтырған. Тергеу жүргізілуде.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1734633-astanada-avtobus-eki-kyzdy-kagyp-ketti/