Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда 17 жастағы жігіт менингиттен қайтыс болды

Опубликовано:

Тағы бір жігіт елімізде өршіген менингококк инфекциясының құрбаны болды. Талдықорғанның 17 жастағы тұрғыны менингиттен көз жұмды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Талдықорғанда 17 жастағы жігіт менингиттен қайтыс болды
Талдықорғанда 17 жастағы жігіт менингиттен қайтыс болды: UGC

Марқұм болған жігіт медициналық колледжде оқыған. Ол 3 маусымда ауруханаға түсіп, бүгін кешкі уақытта қайтыс болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, студент ауруханаға ауыр жағдайда түскен.

Бұған дейін, Алматы облысында менингиттен бес жасар бала мен оның жақын туысы қайтыс болғаны хабарланды. Сондай-ақ, бүгін 27 жастағы алматылық азамат та осы дерттен көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1735410-taldykorganda-17-zastagy-zigit-meningitten-kajtys-boldy/

pixel