Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісін өзгеге қимаған жігіт оны атып өлтірді

Опубликовано:

Бес жыл бойы кездескен сүйіктісінен айрылып қалғысы келмеген Таиланд тұрғыны оны атып өлтірген. Артынша өзіне қол жұмсамақ болған азаматтың әрекетінен түк шықпай, ол полиция қызметкерлері келгенше өлі денені құшақтап жатқан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

24 жастағы Пуккапонг Читтаром есімді жігіт өзінің сүйген қызын жатақхана алдында атып өлтірген.

Олар бес жылдан бері қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген. Алайда бойжеткен бұл арақатынасты тоқтатқысы келіпті. Жігітімен араздасып қалған Натхария Япрадит онымен қайта жүздесуді қаламаған.

Осы сәтте ашуға берілген жігіт оны кеудесінен атып салған. Нәтижесінде бойжеткен оқиға орнында қаза табады.

Сүйгенінің соңынан о дүниеге аттанбақ болған жігіттің әрекетінен ештеңе шықпаған. Ақыр соңында ол дәрігерлер мен полиция қызметкерлері келгенше сүйіктісінің өлі денесін құшақтап, оны сөйлетпек болған.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1735828-sjiktisin-zgege-kimagan-zigit-ony-atyp-ltirdi/

pixel