Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жүкті әйелді өлтірген әзірбайжан жігіті өзіне қол салды

Опубликовано:

Әзірбайжанға жігітімен келген қазақстандық жүкті әйелді әзірбайжандық жігіт өлтіріп тастады. Ол бұл жайттан кейін өзіне қола салған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қол көтеру. Көрнекі фото ашық дерек көзінен алынды
Қол көтеру. Көрнекі фото ашық дерек көзінен алынды: UGC

Lent.az ақпаратына сәйкес, жүкті келіншектің отбасы мүшелері әділдік іздеп, Xəzər телеарнасына жүгініпті. 1985 жылғы бойжеткен Бакуге мамырда келгеннен кейін, із-түзсіз жоғалып кетеді.

Хошгедем Хидаятқызының телебағдарламасында бұл мәселе үлкен талқыға алынып, студияға бойжеткенді Бакуге ертіп әкелген 1989 жылғы жігіт шақырылады.

Жігіт эфирге шыққаннан кейін оны полицейлер сұрақтың астына алған.

Тергеу кезінде жігіт терезеден секіріп кетіп, өзіне қол салды. Оның аяғы ауыр Қазақстан азаматшасын өлтіргені өз дәлелін тапқан.

Бойжеткеннің мәйіті Пиршаги ауылындағы қамыстың арасынан табылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1736819-kazakstandyk-zkti-jeldi-ltirgen-zirbajzan-zigiti-zine-kol-saldy/

pixel