Жайық өзеніне батып кеткен екі баланың денесі табылмай жатыр
Опубликовано:
Күні кеше Жайық өзеніне 15 және 8 жастағы екі бала батып кеткен. Оларды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр деп хабарлайды АТЫРАУ парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бірінші қайғылы жағдай 19 маусым күні, сағат 15:06 шамасында тіркелген. Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл поселкесінде 2010 жылы туған бала Жайыққа батып кеткен. Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының қызметкерлері баланың денесін кешеден бері іздестіруде. Жалпы, жеке құрамдағы 3 адам, 1 арнаулы техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылған.
Екінші оқиға дәл сол күні сағат 18.30-да болған. Махамбет ауданы, Ақжайық ауылында 15 жастағы жасөспірім "тілсіз жаудың" құрбанына айналған. Қазіргі таңда Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының жеке құрамдағы 3 қызметкері 1 жүзу құралымен іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1738200-zajyk-zenine-batyp-ketken-eki-balany-denesi-tabylmaj-zatyr/