Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазған зауытында желдеткішті тазаламақ болған жұмысшы жан тапсырды

Опубликовано:

Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының жұмысшысы қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жезқазған зауытында желдеткішті тазаламақ болған жұмысшы жан тапсырды
Жезқазған зауытында желдеткішті тазаламақ болған жұмысшы жан тапсырды: UGC

1 шілде күні «Kazakhmys Smelting» ЖШС-на қарасты Жезқазған мыс қорыту зауыты күкірт-қышқыл цехының маңайында шаң, газ тазарту құрылғыларының операторы желдеткішті тазалау барысында қатты жарақат алып, бірден жан тапсырған.

Қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия жасақталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1740212-zezkazgan-zauytynda-zeldetkisti-tazalamak-bolgan-zmyssy-zan-tapsyrdy/