"Шымбұлақта" шыңға шықпақ болған қызды тас басып қалды

Опубликовано:

Алматыда "Физкультурник" шыңына шықпақ болған турист қызға тас құлап, ол аяғын сындырып алды. Оқиға "Шымбұлақ" шаңғы базасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: regnum.ru
Көрнекі фото: regnum.ru: UGC

Агенттіктің мәліметінше, альпинистер 8 маусым күні таңғы 5-те "Шымбұлақ" шаңғы базасынан "Физкультурник" шыңына қарай бағыт алған.

Қатысушының бірінің айтуынша, шыңға барар жолда тастар төменге құлдырай бастаған. Оқиға кезінде турист қызды тас басып қалып, ол аяғын сындырып алған.

Құтқарушылар турист қызды тікұшақпен алып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1741159-symblakta-syga-sykpak-bolgan-kyzdy-tas-basyp-kaldy/