Судан қорықпайтынын дәлелдемек болған жігіт суға ағып кетті
Опубликовано:
Өзінің туыстарымен демалысқа шыққан 19 жастағы Шераз Хан есімді пәкістандық бозбала суға ағып кетті. Ол өзінің судан қорықпайтынын дәлелдемек болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шераз Хан өзінің ағасы мен немере інісіне батылдығын дәлелдемек болған екен. Ол судың жанына жақындаған сәтін камераға түсіруді де өтінген.
Айта кетейік, суға әп-сәтте батып кеткен жас жігіттің денесін бір күннен соң, 48 шақырым қашықтықтан тапқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1741962-sudan-korykpajtynyn-dleldemek-bolgan-zigit-suga-agyp-ketti/