RU

Қостанайлық бойжеткенді бейтаныс екі қыз көк ала қойдай сабап тастады (видео)

Қостанайда 22 маусым күні кешкі сағат 23.30-да жағажайда құрбыларымен қыдырып жүрген бойжеткенді екі қыз аяусыз ұрып соққан. Жанжал салдарынан ол түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті деп жазады «Костанайские новости» жергілікті газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайлық бойжеткенді бейтаныс екі қыз көк ала қойдай сабап тастады (видео)
Фото: Госновости: UGC

Бұл жанжал туралы Instagram желісінің қолданушысы Айша Искакова өзінің жеке парақшасында жазған. Айшаның айтуынша, жағажайда қыдырып жүрген оларға екі бейтаныс бойжеткен жақындап, жанжал шығарған. Бейтаныс бойжеткендер дәл сол мезетте мас күйінде болды, дейді Айша.

Сөз таластырудан басталған бұл жанжал төбелеске ұласып, салдарынан Айшаны олар тепкінің астына алған.

«Қазір менің миым шайқалған. Көптеген жарақаттарым бар. Оған қоса, түрлі диагноздар да қойды. Дұрыс тамақ ішіп, өздігімнен жүре алмай қалдым. Басым үздіксіз ауырып, бетім ісіп кеткен", - дейді ол.

Қазіргі таңда Искакова әділдікке қол жеткізіп, айдың-күннің аманында төбелес шығарған бойжеткендердің тиісті жазасын алуын тілейді. Қазіргі таңда оның ісі соттың қарауына берілген.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1743978-kostanajlyk-bojzetkendi-bejtanys-eki-kyz-kk-ala-kojdaj-sabap-tastady-video/