Самара-Шымкент тас жолында көлік апатынан жеті адам тірідей өртеніп кетті
Опубликовано:
Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті деп жазады ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 30 шілде күні сағат 03.06-да Самара-Шымкент жолының 318-шақырымында, Сырым ауданы аумағында «ВАЗ-2114» және «ВАЗ-2170» автокөліктері соқтығысқан.
Содан кейін қос көлік толықтай өртеніп кеткен. Оқиға орнына БҚО ТЖ департаментінен 1 қызметкер мен 1 техника, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 9 қызметкер және 1 техника барған.
Өрт сөндіріліп, қаза тапқандардың кім екені анықталу үстінде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысының айтуынша, сағат 03.15-те жедел жәрдем шақырылыпты.
Өрт салдарынан қаза тапқан 7 адамның мүрделерін полиция алып кеткен.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, мәліметті кейін беретіндігін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1744950-samara-symkent-tas-zolynda-klik-apatynan-zeti-adam-tiridej-rtenip-ketti/