Астанада коттедж құлап, үйінді астында жұмысшылар қалып қойды (фото)
Опубликовано:
Астанада құрылысы жүріп жатқан екі қабатты үйде оқыс оқиға орын алды. Коттедждің бірінші қабаты мен екінші қабатын жалғап тұрған бөлігі опырылып, үйінді астында жұмысшылар қалып қойған деп хабарлайды NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар комитеті мен ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиға кешкі сағат 8-дерде Алматы ауданында орын алған.
Балқантау көшесіндегі екі қабатты үйдің бірінші және екінші қабатының арасы белгісіз себеппен құлап түскен.
Құтқару қызметі қазір үйінді астында қалған үш жұмысшыны алып шыққан. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1745330-astanada-kottedz-klap-jindi-astynda-zmyssylar-kalyp-kojdy-foto/