RU

Оралда 13 жасар жеткіншек төртінші қабаттан құлап кетті

Оралда көпқабатты үйлердің бірінен 13 жасар жеткіншек байқаусызда құлап кетті. Төртінші қабаттың балконынан құлаған бозбаланы ауруханаға алып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мектеп оқушысы өзі тұратын бесінші қабаттан төменге түспек болған.

"23 тамыз күні жедел жәрдем шақыртылды. Бала балконнан құлап кеткен. Ол қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, кейін балалар бөліміне ауыстырылды", - деді БҚО денсаулық сақтау бөлімінің хатшысы Айнагүл Сақпұсынова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1749144-oralda-13-zasar-zetkinsek-trtinsi-kabattan-klap-ketti/