Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда үш қызды көлік қағып кетіп, біреуі оқиға орнында қайтыс болды

Опубликовано:

Атырауда түнгі уақытта жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан үш бойжеткенді жеңіл автокөлік қағып кетіп, қыздардың біреуі қайтыс болды деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Атырауда
Көрнекі фото: sovetadvokatov.ru: UGC

Қайғылы оқиға орталық Сәтпаев даңғылын кесіп өтетін жаяу жүргіншілер жолында болған.

Үлкен жылдамдықпен құйғытып келе жатқан автокөлік тоқтап тұрған көліктермен соқтығыспас үшін жаяу жолаққа қарай бұрылып, сол жеде үш қызды қағып кетеді.

Олардың біреуі оқиға орнында жан тәсілім етті. Қалған екі қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

"Жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 234-бабы 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1750242-atyrauda-s-kyzdy-klik-kagyp-ketip-bireui-okiga-ornynda-kajtys-boldy/

pixel