Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау тұрғынын әйелі мен балдызы азаптап өлтірген

Опубликовано:

Атырауда осыдан 6 жыл бұрын азаптап өлтірілген азаматтың ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Александр Шамшодиновтың өліміне оның 20 жыл отасқан жұбайы мен балдызы өлтірген болуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: ИА Запад24
Фото: ИА Запад24: UGC

Қаза тапқан азаматтың балдызы Павел Шигаевтің сөзіне қарағанда, Александрды өлтіруге оның 31 және 24 жастағы қос қызы да көмектескен көрінеді.

Ағасы жоғалғалы бері отбасымен жеңгесінің жанына жалау болып жүрген Виктория Шамшодинова, оның мүрдесі таяқ тастам жердегі тауық қорада жатады деген ой үш ұйықтасам да түсіме де кірмеді дейді. Өйткені, жеңгесі айналадағы ағайын-туманы "ағаларың ислам дінін қабылдап, бізбен байланысын шорт үзді" деп сендіріпті.

"Қылмысқа не себеп болғанын жеңгеміз айтпады. Бірақ әжеміздің пәтері бар болатын. Сондағы үлесін менің анам үлкен қызының атына аударды. Содан кейін жиі айқай шығатын болды. Тіпті қызы ағамызды пышақпен де жарақаттады. Бірақ ол өз баласының үстінен полицияға арызданбаған еді", - дейді марқұмның қарындасы Виктория Шамшодинова

Викторияның айтуынша, душ саламыз деген желеумен жұмысшыларға жер қазғызып, денені түн ортасында сонда апарып бетондап тастапты. Кейін ойларынан айнып, мүрденің үстінен душ емес, тауық қора тұрғызған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1751959-atyrau-trgynyn-jeli-men-baldyzy-azaptap-ltirgen/

pixel