Астанада 10-шы қабаттан құлап кеткен баланы көршісі қағып алды (видео)

Опубликовано:

Instagram әлеуметтік желісінде кішкентай баланың оныншы қабаттан құлап кете жаздаған видеосы тарап кетті деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

"24 қыркүйек. Астана.Жеңіс-Жангелдина көшесі. 10-шы қабаттан кішкентай бала құлап кете жаздады. Абырой болғанда, төменгі қабаттағы көршісі оны құтқарып қалды",- деп жазылған видео анықтамасында.

Оқиғаның анық-қанығын Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді. Бұл жағдай "Сарыарқа" ауданында орын алған екен. Ал қоңырау 24 қыркүйек күні сағат 10:16-да түсіпті.

"2018 жылдың 24 қыркүйек күні сағат 10:16-да Жеңіс көшесінің 28- үйінде кішкентай баланың 10-қабаттан құлау қаупі бар деген қоңырау келіп түсті. Қаланың №2 маманданған өрт сөндіру бөлімі сағат 10:22-де оқиға орнына келген.
Алайда бұл уақытқа дейін 2012 жылы туылған баланы 9-шы қабаттағы көршісі құтқарып алған екен. Бүлдіршіннің жағдайы қанағаттанарлық, қазір ата-анасының қасында. Ақпарат расталды, көмекке мұқтаждық жоқ", - деді Төтенше жағдайлар комитеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1754607-astanada-10-sy-kabattan-klap-ketken-balany-krsisi-kagyp-aldy-video/