Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеде шашылып қалған: Алматыда екі қызды қаққан жүргізуші қашып кетті

Опубликовано:

Алматыда белгісіз азамат көлігімен екі қызды қағып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz: UGC

Оқиға Райымбек даңғылы бойында, Өтеген батыр көшесіне жақын маңда орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, екі бойжеткен тыйым салынған жерден жолды кесіп өтпек болған. Дәл осы уақытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік оларды қағып кетеді. Шамамен бұл BMW көлігі болуы мүмкін.

Сондай-ақ, оқиғаны көзімен көргендер қыздар жүгіріп шыға келгендіктен, жүргізуші оларды аңғармай қалды деп отыр.

Ал оқыс жағдайдан кейін жүргізуші қыздарға тоқтап қарамастан, әрмен қарай жүріп кеткен.

Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz: UGC

Жәбірленушілер көшеде шашылып қалған. Олардың киімдері 10 метрдей қашықтыққа ұшып кетіпті.

Қыздарды бірден ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер олардың жағдайы өте ауыр деп отыр.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1754760-ksede-sasylyp-kalgan-almatyda-eki-kyzdy-kakkan-zrgizusi-kasyp-ketti/

pixel