Ақтауда полиция көлігі жаяу жүргіншілер жолына тоқтамай өтіп кеткен (видео)
Опубликовано:
Ақтау қаласында полиция қызметкерінің көлігі жаяу жүргіншілер жолына тоқтамай өтіп кеткен. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, бұл ереже бұзушылыққа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 600-бабы 1- бөліміне сәйкес хаттама толтырылған. Полиция қызметкері 14.1 жолда жүру ережесін бұзған.
"Бұл факті бойынша полицейді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесіне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр", - деді Маңғыстау облыстың Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінде.
Тәртіп сақшысының жол ережесін бұзған видеосы 26 қыркүйек күні "Народные новости" айдарында жарияланған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1754946-aktauda-policia-kligi-zaau-zrginsiler-zolyna-toktamaj-tip-ketken-video/