Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан әскери қызметкерлер қаза тапты

Опубликовано:

Қызылордадағы Тұңғыш президент саябағы маңында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтысығып, салдарынан оқиға орнында үш адам, ауруханада бір адам көз жұмған. Қазір дәрігерлер тағы бір азаматтың өмірі үшін күресіп жатыр деп хабарлайды Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: facebook.com/Болат Нұрхожаев
Фото: facebook.com/Болат Нұрхожаев: UGC

Көлік апаты 1 қазан күні саябақ алдындағы қиылыста болған. Бейнебақылаудың жазбасынан жүйткіген "ВАЗ" жүк көлігінің алдынан өтемін деп, онымен соғысып қалғанын көруге болады. Салдарынан жеңіл көлік жаншылып қалған.

Полиция қызметі екі жүргізушінің де мас күйде болмағанын айтты. Ал аман қалған жүк көлігінің жүргізушісінің 40 жылдық тәжірибесі бар екен.

Жергілікті полиция қызметі жолаушылардың қатарында Қызылордадағы 66597 бөлімінің әскери қызметкерлері болғанын айтады. Марқұмдардың ішінде бір әйел болған.

Бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 4 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бас бостандығынан бес жылдан 10 жылға дейін айыру, қызметтерден босау және сол іспен жеті жылға дейін айналыспау сынды жазаларды бекітеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1755896-kyzylordada-zantrsigerlik-zol-apatynan-skeri-kyzmetkerler-kaza-tapty/

pixel