Алматыда су жаңа Toyota Camry 70 жолдан ұшып кетті (видео)
Опубликовано:
6 қазан күні таңертең Алматыда жол апаты орын алды. Онда жаңа Toyota Camry 70 көлігі жолдан ұшып кеткен деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісіндегі @kris_p_almaty парақшасында жарияланған.
Видео авторының айтуынша, жол апаты Достық даңғылында, Оспанов көшесінің төменгі жағында Luxor wellness-клубына қарама-қарсы жерде болған.
Camry 70 көлігі жолдан ұшып кетіп, дуалға кіріп кеткен.
Әзірге зардап шеккендер туралы еш ақпарат жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1756537-almatyda-su-zaa-toyota-camry-70-zoldan-syp-ketti-video/