Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде ер адам көпірден секіріп кетті

Опубликовано:

Семейде таңертеңгісін ер адам Ертіс өзеніне көпірден секіріп кеткен. Қазір сүңгуірлер оның денесін іздеп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: m.minval.az
Көрнекі фото: m.minval.az: UGC

Полицейлер таңғы сағат 5 шамасында көпір үстінде тұрған жігітті байқаған. Алайда оған көмек көрсетемін дегенше төмен қарай секіріп кетіпті.

Әзірге азаматтың кім екені нақты анықталған жоқ. Оқиға орнында сүңгуірлер жұмыс жүргізіп жатыр.

Құтқару қызметі мәлім еткендей, әлеуметтік желіде құлаған азаматтың аман қалғаны туралы ақпарат тараған. Алайда оның растығы әлі дәлелденген жоқ.

Енді алдағы үш күн бойы заң ережесіне сәйкес іздеу жұмыстары жалғаса бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1758302-semejde-er-adam-kpirden-sekirip-ketti/