Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте енді ғана отау құрған 23 жастағы жігіт қайтыс болды

Опубликовано:

Шымкент тұрғыны үйіне келін түсірген күні ауруханаға түсіп, жаңа тіккен отауына қайта оралмаған. 23 жастағы жігіттің туыстары мәйітханадан оның өлі денесін алып шыққан. Марқұмның жақындары болған оқиғаға жедел жәрдем қызметкерлері кінәлап отыр деп хабарлайды 31 арна.

Фото: escueladeenfermeria.edu.uy
Фото: escueladeenfermeria.edu.uy: UGC

Еркебұлан Исмайыл есімді жігіт үйленген күні асқазанындағы жарасы ауырғандықтан, жедел жәрдем шақыртып ауруханаға түскен. Қалалық емханада операция үшін қажетті құрылғы болмағандықтан, оған кесу әдісі арқылы ота жасау шешімі қабылданған.

Күрделі операцияны басынан өткерген жігітті дәрігерлер бар-жоғы төрт күнде үйіне шығарып жібереді. Отадан кейін Еркебұланның ыстығы түспей, шақыртылған жедел жәрдем болса оны қайта аурханаға апарудан бас тартқан.

"Департаментке барамын десең ғана баланы қабылдайды. Мен түсінер емеспін, отадан кейін шыққан баланың дене қызуы басылмаса оны бірден қабылдау керек қой. Не деген сұмдық бұл?!" , - деп дәрігерлерге шүйлікті марқұмның нағашы әпкесі.

23 жастағы азаматтың туыстары енді ғана отау құрған жігіттің өліміне кінәлі ақ халаттылар қызметінен кетуін талап етуде.

"Бұлардың  медбикелері перевязка істеу үшін 500 теңгеден алады. Басқа қызметтер одан бетер қымбаттай түседі. Бәріне керегі ақша, өліп қалған ақшадан. Ақша бермесең тіпті сөйлеспейді сенімен" , - деп күйінді Еркебұланның нағашы апасы.

Марқұмның жақындары жігіттің вирусты гепатиттен қайтыс болғаны жайлы ақпарат алғанда таңғалған. Олар бір апта бұрын сап-сау деп үйіне қайтарылған баланың дертті ауруханада жұқтырғанына сенімді.

Еркебұлан көз жұмған аурухана бас дәрігерінің орынбасары бастаған арнайы топ марқұмның үйіне келіп, оның ата-анасынан көңіл айта кешірім сұраған. Дәрігерді кешірген туыстары мәйітті қайта қаздырмаймыз деген шешімге келгенін айтуда. Ал басқарма жауабы жақын күндері белгілі болмақ.

Дереккөз: 31.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1758772-symkentte-endi-gana-otau-krgan-23-zastagy-zigit-kajtys-boldy/

pixel