Қатерлі ісікке шалдыққан әйел қызы үшін өмірін құрбан етті

Опубликовано:

Ұлыбритания тұрғыны Джемма Наттолл жүктілік кезінде қатерлі ісікке шалдыққанын білсе, қызы үшін өмірін құрбан еткен деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Джемма Наттолдың Facebook парақшасы
Фото: Джемма Наттолдың Facebook парақшасынан: UGC

2014 жылы Джемма Наттолл жүктіліктің төртінші айында аналық безінде қатерлі ісік бар екенін біледі. Ол химиялық жолмен емделу үшін жүктілігін тоқтатуға тиіс еді. Бірақ Наттолл қызы үшін өмірін құрбан етуге бел буған.

Тоғыз айдың ішінде ісік қатты ұлғайып, дәрігерлер кесар тілігінің көмегімен оны босандыруға мәжбүр болған.

"Кішкентай ханшайымы Пенелопаны дүниеге әкелген сәтін көру үшін ол ояу жатты", - дейді сол кезді еске алған Наттолдың анасы Хелен Спротс.

Босанудан кейін ісікті алу отасы сәтті өткенімен 2016 жылы дәрігерлер Наттолдан мидың және өкпенің қатерлі ісігін анықтаған.

Джемманың еміне ақша жинау үшін GoFundMe парақшасы ашылып, Голливуд актрисасы Кейт Уинслет те кампанияға көмек көрсеткен. Нәтижесінде 440 мың доллар жиналған.

2018 жылдың басындағы тексеру британ азаматшасының бойында қатерлі ісік жасушалары жоқ екенін көрсеткен. Алайда, жарты жылдан кейін дәрігерлер Джемманың омыртқасында, миында және өкпесінде қатерлі ісіктерді анықтаған. Бұл ісіктер отамен алынбайтын болып шығып, Джемма Наттол өмірден озған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1759693-katerli-isikke-saldykkan-jel-kyzy-sin-mirin-krban-etti/