Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сол күні келін келген еді": Атырауда төбесі құлап түскен пәтер иесі мән-жайды айтты

Опубликовано:

Атырау қаласында келін күтіп отырған отбасының қуанышын сапасыз үйдің құрылысы бүлдірді. Арнайы жайылған дастархан үстіне төбенің бір бөлігі құлап түскен. Тосын жағдай болған үйдің иесі оқиғаның мән жайын NUR.KZ порталына айтып берді. 

Атырауда төбесі опырылып түскен жаңа үй "Нұрлы жер" бойынша алынған
Фотоколлаж: NUR.KZ: UGC
"Бұл жағдай өткен сенбіде орын алды. Сол күні үйге келін әкелген едім.

Қонақ күтіп отырған кезіміз. Анадай жағдай болғаннан кейін апам түсіріп алып Instagram желісіне салып жіберген. Содан тарап кетті.  

Бүгін не ертең тиісті орындарға барып, жағдайды баяндайын деп отырмын. Егер олар жауаптан бас тартатын болса, басқаша сөйлесетін боламыз", - дейді Әсет Ғабдиев.

32 жастағы үй иесі жаңа баспанасын мемлекеттік бағдарламамен алған.

"Бұл үйді "Нұрлы жер" бағдарламасымен 12 жылға ипотекаға алдым. Кіргеніме бес ай болды", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 20 қазанда Атыраудың жаңа Береке ықшам ауданында жаңа пәтерлердің бірінде төбе сылақтары дастарханға түскені туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1759916-sol-kni-kelin-kelgen-edi-atyrauda-tbesi-klap-tsken-pter-iesi-mn-zajdy-ajtty/

pixel