Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектеп оқушысы өзге сыныпта оқитын жеткіншекке пышақ салған

Опубликовано:

Ақтөбе қаласында М. Мақатаев атындағы №73 мектептің оқушысы өзге сыныпта оқитын оқушыға пышақ салған. Мектеп дәретханасының ішінде болған тәбелестен пышақ жарақатын алған оқушы ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Мектебімізде 8 бен 9 сынып оқушысының арасында кикілжің болып, 9 сынып оқушысы 8 сыныптың оқушысына пышақ жарақатын салған. Жарақат жеңіл түрде болған. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Екі оқушының да ата-аналарын шақырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда бұл мәселе шешілді.
Жарақаттаған баланың қолындағы пышақ суық қаруға жатпайтыны іс барысында анықталды. Екі ата-ана да татуласты", - дейді №73 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Ахметова.

Мектеп оқушысының сабаққа келгенде қалтасына пышақ салып жүретініне ұстаздары да таңырқап отыр.

"Негізі 8 сынып оқушысы 9 сыныптың оқушысын шақырған. Сырттан әңгіме естіген. Екеуі сол жерде төбелескен. Біреуден оны балағаттағанын естіген. Төбелес мектеп әжетханасының түбінде болған. Өзі тар жер. Дереу алдын алдық. Негізінен мектепте суық қару ұстап жүруге тыйым салынған. Бірақ, ол балада сол күні қалтасында пышақ болған", - дейді Гүлназ Ахметова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1760147-aktbede-mektep-okusysy-zge-synypta-okityn-zetkinsekke-pysak-salgan/

pixel