Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өртке оранған ғимараттан 20 адам шығарылды (фото)

Опубликовано:

15 қараша күні Алматының Бостандық ауданында үш қабатты ғимарат өртеніп кетті. Оның ішінен 20 адам сыртқа шығарылып, бір адам құтқарылды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі: Facebook

Өртке қарсы қызмет ақпараты бойынша, өрт "Алатау" ықшамауданындағы Ұлан көшесінде болған.

Бұл мәлімет сағат 9:33-те келіп түсіпті. Оқиға орнына құтқарушылар 15 минут өтпей барған.

Өрт сөндірушілер ғимараттан 20 адамды қауіпсіз жерге шығарып, бір адамды құтқарып қалған.

Фото: Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі: Facebook

Артынша барлаушылар тұрғын үй-жайларға қайта жабдықталған мансардтың өртенгенін анықтады.

Қызыл жалын 11:34-те толықтай сөндірілді. Ал тілсіз жау шарпыған аумақ 390 шаршы метрді құрады.

Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1763765-almatyda-rtke-orangan-gimarattan-20-adam-sygaryldy-foto/

pixel