Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жол апатын жасаған BMW X5 жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Опубликовано:

Алматыда Рысқұлов-Кудерин көшелерінің қиылысында орын алған жол апатының салдарынан бір адам қайтыс болды. Апатты жағдайға себепкер болған BMW X5 жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Куәгерлердің мәлімдеуінше, Рысқұлов көшесімен шығыс бағытында жүріп бара жатқан Volkswagen Golf 3 көлігін артынан келіп BMW X5 соққан. Аса жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік салдарынан Volkswagen бордюрге, кейін бетон қабырғаға барып соқтығысқан.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Оның жүргізушісі жедел жәрдем келіп жеткенше қайтыс болған. Анықталғандай, марқұм 1978-ші жылғы азамат болып шықты.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Ал, BMW X5 жүргізушісі болса, көлігінен шығып оқиға орнынан қашып кеткен.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Оған қоса, соқтығысқаннан кейін BMW X5 80 метрдей жүріп барып тоқтаған. Анықталғандай, жүргізуші жазғы дөңгелектерін ауыстырмаған.

Фото: Sputnik
Фото: Sputnik: Facebook

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1764145-almatyda-zol-apatyn-zasagan-bmw-x5-zrgizusisi-okiga-ornynan-kasyp-ketti/

pixel