Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау перзентханасында 27 жастағы жүкті келіншек көз жұмды

Опубликовано:

Ақтау перзентханасында жүктіліктің жетінші айында болған 27 жастағы әйел адам қайтыс болды деп хабарлайды "Хабар 24" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

24.kz
Көрнекі фото:24.kz: UGC

Дәрігерлер қайғылы оқиғаға жүрек талмасы себеп болды деп болжап отыр. Бірақ нақты себебін айта алмайды. Өйткені марқұмның туыстары денені тіліп көруге қарсылық білдірген.

Әйел адамның жақындары медицина қызметкерлерімен қақтығысып, оның денесін күштеп алып кеткен.

Қайтыс болған әйел Жаңаөзен қаласының тұрғыны болған. Ол облыстық перинаталды орталықта тексерілген.

"30-40 адам келіп, дәрігерлеріміз бен күзетшімізді соққыға жығып, әйел адамның мәйітін алып кетті. Жұдырықтаспаса да, жанжал шығарған. Оларды тіпті полицейлер арашалай алмады", - деді перзентхананың директоры Жамал Жамандаева.

Перзентхана директорының сөзінше, марқұмның туыстары оның денесін дәрігерлердің қолынан жұлып алып, үйіне алып кеткен.

Енді Жаңаөзен дәрігерлері патологанатомиялық зерттеу мен тіліп көруге рұқсат алу үшін қайтыс болған әйелдің туыстарымен келіссөз жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1770622-aktau-perzenthanasynda-27-zastagy-zkti-kelinsek-kz-zmdy/

pixel