Алматы облысында Ұлттық гвардияның сарбазы өзіне қол жұмсады

Опубликовано:

Алматы облысы Ұзынағаш елді мекенінде ұлттық ұлан әскери қызметшісі әскери бөлімде басына оқ атты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

egemen.kz
Көрнекі фото:egemen.kz: Facebook
"2018 жылы маусымда Астанада қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті шақыртқан қатардағы жауынгер Қожан Ұласбек 2019 жылы 23 қаңтарда шамамен сағат 01:35-те өзіне берілген қарудан басына оқ атқан. Алған жарақатынан ол қайтыс болды", - деп мәлімдеді ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алматы әскери тергеу басқармасы осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бірыңғай реестрге тіркеді.

Қызметтік тексеру тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

"Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады", - делінген хабарламада. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1774868-almaty-oblysynda-lttyk-gvardiany-sarbazy-zine-kol-zmsady/