Алматы облысында көз жұмған солдат өліміне қатысты тың дерек шықты
Опубликовано:
Алматы облысында мерзімді қызметтегі 22 жастағы сарбаз Ұласбек Қожан қайтыс болған әскери бөлімде оқиға туралы түсініктеме берілді. Әскерилердің сөзінше, сарбаз ешкіммен ерегіспеген, оған қатысты ешқандай мәселе туындамаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұласбек Қожан 23 қаңтар күні қызметін өтеп жүрген уақытта өз басынан қарумен атып жіберген.
Оның дыбысын көрші бекеттегі қарауылдар естігенімен, жігітті құтқару мүмкін болмапты. Сарбаз оқиға орнында көз жұмған.
Бөлім басшылығы Ұласбектің сабырлы және тәртіпті сарбаз болғанын, ешкіммен қақтығыспағанын айтады.
Марқұм ата-анасына хабарласқанда да жағдайы жақсы екенін жеткізген.
Дереккөз: КТК

"Еуразия" бірінші арнасы хабарлағандай, 24 қаңтар күні таңертең Ұласбектің денесі Шымкентке жеткізілген.
Анықталғандай, Ұласбек қызметке келерде сауалнамада қызы бар екенін көрсеткен. Алайда, ол соңғы сегіз айда бір рет те онымен хабарласпапты. Бұл жігіттің өз-өзіне қол жұмсауына себеп болған-болмағаны белгісіз.
Қайғылы оқиғаның себебін құқық қорғау органдары анықтайтын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1775018-almaty-oblysynda-kz-zmgan-soldat-limine-katysty-ty-derek-sykty/