Шымкентте "әруақтарға толы" үй өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Шымкентте көпшілік "әруақтарға толы" деп атап кеткен үй өртке оранды. Жергілікті тұрғындар иесіз үй туралы түрлі аңыз айтады. Әзірге оның неден өртенгені белгісіз деп жазады elitar.kz.

Фото: elitar.kz
Фото: elitar.kz: Instagram

"Елестер мекендеген" үйдің өртеніп жатқанын тұрғындардың бірі видеоға түсіріп, басылымға жіберген.

"Әруақтар үйі өртеніп жатыр", - дейді видеоны түсіруші жігіт.

Айта кетейік, тылсымға толы үй ұзақтан бері қаңырап бос тұрған. Ол көше қаңғырып, үйі жоқтар түнейтін орынға айналған.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиға кеше 17:14-те болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер екі минутта жеткен. 18:17-де 24 өрт сөндіру қызметкері қызыл жалынды ауыздықтаған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жалынның неден шыққаны анықталу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1775020-symkentte-ruaktarga-toly-j-rtenip-ketti-video/