Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда ойыншық қоймасы өртеніп кетті

Опубликовано:

Қостанайда орталық базар маңындағы ойыншық қоймасынан өрт шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: aysor.am
Көрнекі фото: aysor.am: Instagram

Оқиға бүгін облыс орталығында орын алған.

Облыстық Төтенше жағдай департаменті кезекші бөліміне 3 қабатты сауда дүкенінің жанып жатқаны туралы хабар түсіпті.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 14:41-де жетті. Өрт ғимараттың жертөле қабатындағы ойыншық сақтайтын қоймадан шыққан. Құтқарушылар жеткенше ғимарат әкімшілігі 116 адамды қауіпсіз жерге көшірген", - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі есептелуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1775294-kostanajda-ojynsyk-kojmasy-rtenip-ketti/

pixel