RU

Қызылордада 15 жолаушысы бар автобус аударылып қалды (видео)

Қызылордада көктайғақ салдарынан 15 жолаушысы бар 31-ші бағдарлық автобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агеттігі.

Видеодан скриншот
Фото:Видеодан скриншот: Facebook

Оқиға Талсуат елді мекеніне барар жолда орын алған.

«Автобуста болған 15 жолаушыға медициналық мекемеде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бүгін көктайғақ салдарынан қала іргесіндегі Белкөлден Қызылордаға бет алып келе жатқан "КаМАЗ" көлігі Жаппасбай батыр мен Сұлтан Бейбарыс көшелері қиылысындағы көпір астындағы темір қоршауға соғылған болатын.

Көлік жүргізушісі қалалық ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1775986-kyzylordada-15-zolausysy-bar-avtobus-audarylyp-kaldy-video/