RU

Қырғызстан тауларына сырғанауға шыққан екі қазақстандық ауыр жарақат алды

Қырғызстандағы достарына демалуға барған екі қазақстандық азамат ауыр жарақат алды. Қырғыз тауларынан баллонмен сырғанаған қазақстандықтарға шұғыл көмек көрсетілген деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөзіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: СІМ
Фото: СІМ: Depositphotos

Ведомстваның мәліметінше, оқыс оқиға 23 қаңтар күні орын алған. Ысық-Ата ауылынан Бішкекке қайтып келе жатқан азаматтар жолда сырғанамақ болған.

Алайда үрлемелі баллонның әсерінен екі қазақстандық ауыр жарақат алған.

Жараланған азаматтар шұғыл түрде Бішкектегі травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілген.

СІМ жарақат алған азаматтың туысына хабарласқан. Осылайша, олар шұғыл түрде Астанаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта екі азамат та елордадағы №1 травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында ем алуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1776193-kyrgyzstan-taularyna-syrganauga-sykkan-eki-kazakstandyk-auyr-zarakat-aldy/